"Ақтөбе қаласының №10 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0
Білімді ұлт – тұрақты даму кепілі


Бүгін биылғы оқу жылындағы оқыту үрдісін ұйымдастыру мақсатында алғашқы педагогикалық кеңесі өтті.

Педагогикалық кеңестің күн тәртібіндегі мәселелер:

2020-2021 оқу жылына арналған оқу- тәрбие жұмысының жоспарын талдау, бекітуге ұсыну;
2021-2022 оқу жылындағы ҚР-ның жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін
ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы (ӘНХ);

✅Оқу-жұмыс жоспарын бекітуге ұсыну, педагогтердің оқу жүктемесін бөлу, сабақ кестесін құрастыру;

✅Класс комплектісін, класс жетекшілерді бекіту;

✅Инклюзивті оқытуды психологиялық-педагогикалық және әдістемелік сүйемелдеу;

✅Педагогтарды аттестаттау нәтижесі, марапаттау және көтермелеу.

Қандай форматта болмасын, білім беру сапасы өз деңгейінде жүргізілетін болады. Қоғам болып, ұжым болып бірігіп, ынтымағымызды арттырсақ, білім жолында елеулі нәтижелі жетістікке бірге жетеміз!
Сіздерді осы жолда қолдауға шақырамыз!