"Ақтөбе қаласының №10 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0
“Креативті педагогтың ішкі ұмтылысын дамыту»

?Бүгін мектебімізде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ғылыми-тәжірибелік жұмыстары жоспарына сәйкес “Креативті педагогтың ішкі ұмтылысын дамыту» тақырыбында эксперименттік алаңында тәжірибелік семинар өтті.

?Әдістемелік шара барысында ғылыми-тәжірибелік жұмыс бойынша жасалынған жұмыстар мен талдаулар, проблемалық және жетістік алаңдары сөз болды. Сонымен бірге, семинар қатысушылары аталған эксперимент бойынша республикалық “Өрлеу” білім беру және YouTube каналында орналастырылған цифрлық білім беру ресурстарымен танысып, пікір алысты.

?Семинар соңында модератор-институттың аға оқытушысы, п.ғ.м. К. Рахатованың ұйымдастыруымен жұмысты жалғастыру мен нәтижесін саралау туралы бірқатар ұсыныстар қабылданды.