"Ақтөбе қаласының №10 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0
Педагогикалық консилиум

Біздің 1,5,10 класс оқушыларының бейімделу барысында ой-өрісін, еркін, зейнін, оқу-әрекетінің алғы шарттарын, мишықтың дамуын, мінез-құлқын, эмоционалдық көңіл- күйін анықтау арқылы оқуға деген қабілеттілігін жан-жақты дамыту мақсатында әкімшілік және пән мұғалімдерінің қатысуымен педагогикалық консилиум өтті.

Мектеп психологі Рауан Жұмажанқызы класс жетекшілерге көмек ретінде оқушылардың психикалық ерекшеліктерін анықтап, оқушымен өзара тиімді қарым-қатынас ұйымдастыру формалары туралы ұсыныстар айтты.