"Ақтөбе қаласының №10 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0
«ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА НЕГІЗДЕЛГЕН ҚАЗАҚ ТІЛІ ӘЛІПБИІ» тақырыбындағы дөңгелек үстел қорытындысы

№10 ЖББОМ  әкімшілігі ұжымы арасында  «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» дөңгелек  үстел  өткізілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 ақпандағы №637  Жарлығына қосымшасы  бойынша мектеп  ұстаздары өз  пікірлерімен  бөлісті.

Қазақ әліпбиі — қазақ тілінің әріптерінің жүйелі тізбегі, қазақ халқының мәдени өмірінде басқа да түркі халықтарымен бірге пайдаланып келген әр түрлі әріп таңбаларынан тұратын дыбыстық жазу жүйесі. Қазақ тілі әліпбиінің 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшуін бұдан бір күн бұрын мемлекет басшысы Президент әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков пен президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Марат Тәжинді қабылдаған кезде латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің соңғы жобасы қызу талқыланып, қоғам тарапынан қолдау тапқанын атап өткен болатын. «Латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің ұсынылған жобасын бекіту туралы жарлық шығару қажет. Комиссия жұмысын аяқтады. Соңғы нұсқа жарияланды. Еске салар болсақ, қазақ тілінің латын әліпбиі жобасы 25 қыркүйек күні парламент мәжілісінде таныстырылған еді. Осыған байланысты параламент тыңдалымы ұйымдастырылып, оған барлық мүдделі тараптар қатысқан болатын. Отырысты ашқан төменгі палата спикері Нұрлан Нығматулин  латын әліпбиіне көшу мәселесінде ешқандай қателік болмауы керек екендігін, бірақ та мұны іске асыру қарқынды жүретінін айтты. Оның айтуынша, латын әрпіне негізделген қазақ тілінің жаңа әліпбиі бірнеше жыл бойына әзірленген. Енді қате жібермес үшін әр әріпті, әр белгіні және таңбаны терең сараптау қажет.  «Еліміздің әрбір азаматы латын тіліне көшу – бұл әлемдік өркениетке қол жеткізудің басты жолы екенін білуге тиіс. Өйткені латын тілі – адамзатты дамытуда ең күшті тілдердің бірі. Бұл – ғылым мен техниканың, XXI  ғасырдағы интернет пен  IT-технологияның тілі, сондықтан осындай  жауапкершілікке біз үлкен дайындықпен келдік, көптеген жұмыс жасалды», – деді  Нұрлан Нығматулин. «Мемлекет басшысының тапсырмасын  тек біз ғана сапалы іске асыруды қамтамасыз етіп, Қазақстанды тілдік жаңғыртуды ілгерілетудің табысты үлгісі ете аламыз», – деп қосты спикер. Жаңа қазақ әліпбиі қазіргі кириллицадағы 42 әріптің орнына латын әрпінің 25 таңбасымен таңбаланатын болады. «Әліпбидің дәл қазіргі жобасын жасауда ең бірінші қазақ тілінің дыбыс жүйесі ескерілді. Нәтижесінде ұсынылып отырған әліпби 25 әріптен тұрады. Бұл бір әріп– бір дыбыс, бір әріп – екі дыбыс және бір дәйекше жүйесінің дыбысы. Филология ғылымдарының докторы жаңа әліпбиге латын тілінің тек байырғы әріптері алынғанын айтты. «Мобильді телефон, смартфондар және хат жазудың басқа құралдары бізге әртүрлі елден келеді, оларда да латын дыбысының тек  26 әрпі ғана қолданылады.

Қазақстан латын әрпіне бірте-бірте көшетін болады. Сондай-ақ ол барлық процесс латын тіліне көшу жоспары бекітілгеннен кейін ғана басталатынын айтып өтті. «Барлық процесс халықаралық талаптарға сай жасалатын болады. Біздің жұмыс жоспарымыздың аясында бірқатар ұйымдастырушылық өзгертулер қарастырылған», – деп толықтырды премьер-министрдің орынбасары. Латын тіліне көшуге қатысты қаржылық шығынға келетін болсақ, онда қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың мәлімдеуінше, барлық есептеу әліпбиді бекіткеннен кейін іске асатынын айтты. Оның айтуынша, әліпби жобасын әзірлеу мен оған қатысты мәселені танып-білу үшін бюджетте тек 250 млн теңге қарастырылған.

Мектеп ұжымы бұл келелі өзгерісті Қазақстанның ілгері дамуына өзінің септігін тигізеді деген оймен тұжырымдады. Қазақ тілін әлемдік деңгейге шығаруға және түркітілдес елдердің бірлігін нығайту жолында латын әліпбиіне көшу бастаушы рол алады деген ойды қолдады.  Бұл қазақ тілін халықаралық деңгейге көтерудің бірден бір жолы деген пікірлері де көңіл қуантты.



Ақтөбе қаласының №10 ЖББОМ